Білім - адам қызметінің ең кең салаларының бірі. Білім беру жүйесінің тиімді жұмыс істеуі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды рөл атқарады және адамның жан-жақты дамуына ықпал етеді. Заманауи экономикалық даму және жаһандық ақпараттандыру білім беру жүйесімен біртұтасып жатыр. Жаңа білімдерді, дағдыларды меңгеру қажеттілігі зор, сонымен қатар, дағдыларды жетілдіру немесе мамандықты өзгерту қажеттілі де бар. Қазіргі заманғы қоғамда адамдар өзін-өзі таныту мен дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерге ие болады, бірақ бұл мүмкіндіктер пайдаланыс табуы үшін азаматтарды хабарландыру бойынша белсенді іс-шаралардың жүргізілуі қажет. Осындай құралдардың бірі «BilimA’lemi» өткізу болып саналады.
ЖШС «ХКК EXPOARNA» Қазақстан мен шет елдердің орта және жоғары оқу орындарын, оқыту компанияларын, кадрларды даярлау мен қайта даярлау, білімді кредиттеу, оқу орындарын әдебиет және құралдармен жабдықтау ұйымдарын Шымкент қаласында өтетін II Халықаралық Білім көрмесіне «Bilim A’lemi» («Education world») қатысуға шақырады.
Түркістан облысы және Шымкент қаласы - халқы ең тығыз орналасқан өңір (шамамен 3 млн адам), еліміздің бала туу мен мектептерде оқитын оқушылар саны бойынша ең ірі облысы болып табылады. Географиялық орналасуы Қытаймен, Ресеймен, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен сауда-саттықты дамытуға мүмкіндік береді. Түркістан облысы және Шымкент қаласы - экономикалық әлеуеті жоғары Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан аймағы.
Көрмеге Түркістан облысының және Шымкент қаласының қонақтар шақырылады. «Bilim A’lemi» («Education world») көрмесі талапкерлер мен студенттерге, олардың ата-аналары, өздерінің білім беру және кәсіби деңгейін жақсартуды қалайтын білім беру саласындағы мамандарға және де жастарға қызықты болады.
«Bilim A’lemi» («Education world») көрмесіне қатысу оқу орындары мен ұйымдарға Түркістан облысының және Шымкент қаласының жастарына оқу орнын және мамандықты таңдау бойынша сараптамалық кеңес беруге, оқуға қабылдану, оқу үрдісі, төлем жасау бойынша шарттармен таныстыруға, өзінің білім беру қызметтері мен бағдарламаларын, кәсіби даму мүмкіндіктерін ұсынуға; өзін табысты компания деп жариялауға; Қазақстанның білім беру нарығында өз позициясын нығайтуға; білім беру мекемесінің жоғары беделін және танылуын қамтамасыз етуге; келіп түскен үміткерлер мен студенттердің санын көбейтуге үлкен мүмкіндік береді.
Шымкент қаласында өтетін «Bilim A’lemi» («Education world») атты халықаралық көрмеге қатысуға шақырамыз. 11-13 сәуірде 2019ж, Шымкент қаласы, Көрме орталығы.
ҚАТЫСУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ